Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз -ұлы тұлға" мәнерлеп оқу байқауы
18
октябрь
2023
"Ұстаз -ұлы тұлға" мәнерлеп оқу байқауы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткен "Менің ұстазым" байқауының "Ұстаз -ұлы тұлға" атты тақырыпта оқушылардың "авторлық шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Асылбек Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ЖЕТЕКШІСІ: АСАНОВА ДИАНА МАРАТОВНА   
Шахмат байқауы
13
сентябрь
2023
Шахмат байқауы
3,4 сыныптар арасында «Алматы» күніне орай мектепішілік «Шахмат» сайысы өтті.  Сайысқа шахмат үйірмесінің жетекшісі Құман Нұрлан төрелік етті. Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде топ жарғандар мақтау қағазымен марапатталды. Қыздар арасында 3 «Д» сыныбының оқушысы Жұмабек Лаула I орын, 4 «Ә» сынып оқушысы Құрмашева Айлин II орын, 4 «Г» сынып оқушысы Ерубай Әдемі III орын иеленді. Ал ұлдар арасында 3 «В» сынып оқушысы Бахитжан Елжас I орын, 4 «А» сынып оқушысы Мұрат Амир II орын, 3 «А» сынып
"Алматы БалаFest"   қалалық конкурсы
02
июнь
2023
"Алматы БалаFest" қалалық конкурсы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Алматы БалаFest” қалалық байқауының вокал номинациясы бойынша 11”А” сынып оқушысы Сәбит Назерке 3 орын иеленді. Жетекшісі вокал үйірме жетекшісі Н. Машербаев. “Кітап білім бұлағы” бағытының поэтикалық батл номинациясы бойынша Сыдыкова Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталынды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Рахымжанова. Жеңістеріңіз құтты болсын!  
Дарынды оқушылар слеті
23
май
2023
Дарынды оқушылар слеті
2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша білім мен ғылым жолында ерінбей еңбек етіп,биіктерден көрінген дарынды оқушыларымызды жетістіктерімен марапаттау слеті өтті. Түрлі Халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен көркем оқу, ән-би байқауларының жеңімпаздарын арнайы мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы марапаттап, оқушыларды құттықтады. Жалпы 69 оқушы түрлі дипломдармен марапатталынды.  
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
25
апрель
2023
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау. ІІІ –дәрежелі диплом иегерлері 11-сынып оқушылары: ШАЙХ АСХАТ,  СЕРІК БАТЫРХАН.  
Айналайын кокурсының жеңімпазы 5 г сынып оқушысы Оспан Жанәділ
14
апрель
2023
Айналайын кокурсының жеңімпазы 5 г сынып оқушысы Оспан Жанәділ
Қалалық ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған Айналайын кокурсының жеңімпазы 5 г сынып оқушысы Оспан Жанәділ дипломмен сыйлықтармен марапатталды.    
Республикалық ғылыми жоба 2023
10
апрель
2023
Республикалық ғылыми жоба 2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына техника секциясы бойынша 11-сынып оқушылары ШАЙХ АСХАТ пен СЕРІК БАТЫРХАН қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.   
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
20
март
2023
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
Мектеп-гимназиямыздың мақтанышы 4”д” сынып оқушысы Есен Нұрлыбек “Каникулы-off-line 3” киносына түсіп, өзінің актерлік шеберлігін шыңдау үстінде. Қазіргі таңда бұл кино барлық кинотеатрлардан көрсетілуде. Актер ретіндегі алғашқы туындың үлкен экранға жол тартыпты. Сәттілік тілейміз, әрдайым жолың ашық болсын! Бұл сенің тек бастамаң деп білеміз! Өнерің өрге жүзсін! Жарайсың!  
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
17
февраль
2023
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
Республикалық Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда өз деңгейінде өткізілді. Байқауға мектеп-гимназиямыздан 3 оқушы қатысып, 9 сынып оқушысы Алимуратова Еркежан «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша 2-орын, "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша Нұржан Аружан 2-орын, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сыдықова Аяулым 1-орын алып, Сыдықова Аяулым қалаға жолдама алды.  
Республикалық балалар оқулары байқауынан Е.Нұрлыбек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
14
октябрь
2022
Республикалық балалар оқулары байқауынан Е.Нұрлыбек ІІ дәрежелі
 А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның 4 “Д” сынып оқушысы Есен Нұрлыбек 3-10 сыныптар арасындағы республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінде II Дәрежелі Дипломмен марапатталды! Сынып жетекшісі А.Балтабекова. Алар асуларың, бағындырар биік белестерің көп болсын! Жеңісің құтты болсын!