Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 30
Эстетикалық пәндер онкүндігі.
06
октябрь
2025
Эстетикалық пәндер онкүндігі.
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 06.10-16.10.2025ж аралығында эстетикалық пәндер онкүндігі өткізіледі. Осыған орай 06.10. күні "Шабыт үштігі - ән, қимыл, еңбек" эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘТД мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болып өтті.  
Дублер күні
03
октябрь
2025
Дублер күні
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3 - қазан күні дублер күні өткізілді. Бұл күнгі басты мақсат —мұғалімнің орнына оқушы  (яғни, дублёр) оның күнделікті міндеттерін орындап көрді. Олар ұстаздардың бір күндік жұмысын бақылап, болашақ мамандығын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдай алады.      
Футболдан мектепішілік турнир
25
сентябрь
2025
Футболдан мектепішілік турнир
25.09.2025ж. күні А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 10 сыныптар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың нәтижесінде 10"В" сыныбы І - орын, 10 "А" сыныбы ІІ - орын, 10 "Ә" сыныбы ІІІ - орын иеленді.  
"Қарағым,оқуға бар,жатпа қарап"Ахмет оқулары
10
сентябрь
2024
"Қарағым,оқуға бар,жатпа қарап"Ахмет оқулары
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан Халықтары тілдер мерекесіне арналған "Ұлт руханиятының көсемі" атты онкүндік барысында 5-7 сыныптар арасында "Қарағым,оқуға бар, жатпа қарап" атты Ахмет оқулары өтті.  
"Жігіт сұлтаны-2024" аудандық байқауы
18
январь
2024
"Жігіт сұлтаны-2024" аудандық байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 9-11сынып оқушыларына арналған “Жігіт сұлтаны-2024” аудандық байқауына 10 “В”сынып оқушысы Самиғолла Мади Нұрланұлы мектеп-гимназия намысын қорғап,  2 орын иеленді.  Жетекшісі Т.Рахымжанова. Жеңісің құтты болсын!    
№2 Қыздар жиналысы
11
декабрь
2023
№2 Қыздар жиналысы
5-7 желтоқсан күндері 5-7сынып қыздарына “Қыз баланың жеке бас гигиенасы” тақырыбында, 8-11 сынып қыздарына “Ерте жүктіліктің алдын-алу” тақырыптарында жиналыс өткізілді. Мектеп-гимназиямыздың ардагер ұстазы Г.Болатбаева, ДТІЖО Т.Ержанқызы мен №4 емхананың “Жас ұрпақ” орталығының гинеколог маманы А.Габдуллаевна келіп дәріс оқыды.   
"Жаңа күн -жаңа Қазақсан" айтыс
19
октябрь
2023
"Жаңа күн -жаңа Қазақсан" айтыс
“4 тоқсанға төрт іс-шара”жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Жаңа күн-Жаңа Қазақстан” тақырыбында 10 сынып оқушылары арасында қыз бен жігіт айтысы өтті. #1Тоқсан #АҚЫНДАРАЙТЫСЫ  
Кәсіптік бағдар беру
01
октябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру
2023 жылдың 16 қыркүйегінде біздің талантты түлектер шетелде білім алу мүмкіндіктерін зерттеу үшін ғажайып көрмеге аттанды. Олар түрік университеттерінің алуан түрлілігіне және олардың ұсынып отырған барлық артықшылыктарына тәнті болды. Көрмеде оқушылар түрлі институттардың өкілдерімен танысып, кәсіби бағдарламалық салалар туралы оқып, халықаралық  студенттерге арналған гранттар мен стипендиялар туралы білді. 
Отбасым және мен
13
сентябрь
2023
Отбасым және мен
10 қыркүйек Отбасы күніне орай А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларына отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында "Отбасым және мен" тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу сияқты түрлі әдістер қолданылып, оқушылар өз отбасы жайлы мақтанышпен айтып берді.  
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне орай
05
сентябрь
2023
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне
  05.09.2023ж. қыркүйек күні қазақтың ақыны,әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.