Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
13
февраль
2026
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
 Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді. Оқушылар түрлі смайликтер арқылы өз сезімдерін білдіріп, эмоцияларды ажырату және түсіну дағдыларын дамытты. Іс-шара балаларға жағымды көңіл күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтты.  
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді.
13
февраль
2026
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған
Тренинг барысында оқушылар өз сезімдерін тану, эмоцияларын басқару, өзара сыйластық пен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту бағытында жұмыс жасады. Сабақтар оқушылардың бір-бірін түсінуіне және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.  
`ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК`
09
февраль
2026
`ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК`
«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша өткен қалалық байқауда 7-сынып оқушысы Адилхан Айлин ерекше дарындылығымен көзге түсіп, көркем сөз өнерін терең меңгергені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.     Жас өнерпазды байқауға дайындап, шығармашылық бағыт-бағдар берген жетекшісі — Жұмағалиева Гүлбарам. Оқушымыз бен жетекшісін жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!  
«ЕББҚ бар балаларға оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (саралап және даралап оқыту)»
03
февраль
2026
«ЕББҚ бар балаларға оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыруда саралап және даралап оқытудың тиімді тәсілдерін көрсету, педагогтердің күнделікті сабақта оқу тапсырмаларын бейімдеу бойынша практикалық құзыреттерін арттыру, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.  
«Елсана» газетінің жаңа саны жарық көрді
02
февраль
2026
«Елсана» газетінің жаңа саны жарық көрді
Мектебімізден шығатын «Елсана» мектеп газетінің ақпан айындағы кезекті саны жарық көрді. Бұл басылымда мектеп өміріндегі жаңалықтар, оқушылардың жетістіктері, шығармашылық жұмыстары мен танымдық мақалалар жарияланды. Айта кету керек, «Елсана» газеті тиісті министрліктің рұқсатымен тіркеліп, арнайы куәліктерімен бекітілген мектеп басылымы болып табылады. Газет – оқушылардың шығармашылығын дамытуға, олардың ой-пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды ақпараттық алаң. Алдағы уақытта да
«Мектепте жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды»
09
декабрь
2025
«Мектепте жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды»
Бүгін мектебімізде төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, эвакуация жолдарын практикалық түрде орындады. Жаттығу белгіленген уақыт ішінде жүйелі әрі тәртіпті түрде өткізіліп, қатысушылардың дайындық деңгейі тексерілді. Мұндай шаралар мектеп қауымдастығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқушылардың төтенше жағдайда
Ұлдар жиналысы
19
ноябрь
2025
Ұлдар жиналысы
«Жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына №2 ұлдар жиналысы өтті. Мақсаты: Ұлдарды жағымсыз, зиянды әрекеттерден (тәртіпсіздік, дөрекілік, әдепсіздік, әлімжеттік, дөрекі сөйлеу, жаман әдеттер т.б.) аулақ болуға ынталандыру. Жауапкершілік, тәртіп, әдеп, мәдениетті мінез-құлық қалыптастыру. Қоғамда, мектепте және отбасында үлгілі, парасатты ер бала болудың маңызын түсіндіру. Міндеттері: Жағымсыз әрекеттердің түрлерін түсіндіру – олардың салдары мен қауіптілігін
ЕББҚ бар оқушылардың ата-аналарына арналған семинар өткізілді
18
ноябрь
2025
ЕББҚ бар оқушылардың ата-аналарына арналған семинар өткізілді
Семинар тақырыбы: «ЕББҚ бар оқушылардың үй тапсырмасын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен ата-аналарға арналған ұсынымдар». Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың үй тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру жолдары, ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Қатысушыларға тәжірибелік кеңестер беріліп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу жүргізілді.  
Жаңа ортаға бейімделу: 5-сыныптармен тренинг өтті
13
ноябрь
2025
Жаңа ортаға бейімделу: 5-сыныптармен тренинг өтті
«Менің жаңа ортам» тақырыбында 5-сыныптармен бейімделу тренингі өтті. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жаңа ортада өздерін еркін сезіну, қарым-қатынас құру және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған ойындар орындады. Жылы атмосфера мен позитивке толы тренингтік сабақтар балаларға жақсы әсер қалдырды.