Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
2-3 сынып оқушыларынан «Мектеп мотивациясы» сауалнамасы алынды
11
ноябрь
2025
2-3 сынып оқушыларынан «Мектеп мотивациясы» сауалнамасы алынды
2–3 сынып оқушыларынан мектеп мотивациясының деңгейін анықтауға арналған Н.Г. Лусканова сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижелері оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылық деңгейін, сабаққа қатынасы мен мектепке бейімделу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Алынған мәліметтер негізінде оқушыларға қажетті психологиялық қолдау бағыттары айқындалды.  
Ата-аналар жиналысында психологиялық кеңестер ұсынылды
06
ноябрь
2025
Ата-аналар жиналысында психологиялық кеңестер ұсынылды
Мектеп психологтары ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылардың эмоционалдық жай-күйі мен бейімделу ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Баланың дамуы-мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегі. Сонымен қатар, ата-аналарға жасөспірімдермен қарым-қатынасты нығайтуға арналған психологиялық кеңестері бар ақпараттық бюллетень таратылды. Мақсат-өзара түсіністік пен сенімді арттыру.  
«ДосболLIKE» бағдарламасы: эмоциялық интеллектті дамыту тренингі өткізілді
05
ноябрь
2025
«ДосболLIKE» бағдарламасы: эмоциялық интеллектті дамыту тренингі
«ДосболLIKE» бағдарламасы шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектін дамыту мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар эмоцияларын бояу, қимыл және ойындар арқылы жеткізді. Топтық жаттығулар оқушылардың сенімін арттырды және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  
№2 ПМПҚ отырысы өтті
30
октябрь
2025
№2 ПМПҚ отырысы өтті
2025 жылғы 30қазан күні мектебімізде №2 ПМПҚ отырысы өткізілді. Отырыс барысында: – 1-тоқсан бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасы талданды; – Жеке оқу бағдарламаларының іске асу барысы қаралды; – Мұғалімдер мен мамандардың (психолог, логопед, дефектолог) байқаулары тыңдалды; – Әр оқушыға қатысты түзете-дамыту жұмыстары мен оқу үдерісіне қатысты ұсыныстар берілді; – Ата-аналармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша: –
1-4 сынып оқушыларынан диагностика алынды
24
октябрь
2025
1-4 сынып оқушыларынан диагностика алынды
“Ағаштағы адамдар” әдістемесі бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл әдістеме арқылы оқушылардың ішкі көңіл күйі, өз-өзіне деген сенімі мен сыныптағы достарымен қарым-қатынасы анықталды. Балалар сурет арқылы өз сезімдерін білдіріп, психологқа олардың эмоционалды жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.  
5-6 сынып оқушылары Филлипс мектептегі мазасыздықты анықтау тестінен өтті
23
октябрь
2025
5-6 сынып оқушылары Филлипс мектептегі мазасыздықты анықтау тестінен
 Зерттеудің мақсаты – оқушылардың уайым мен қобалжу деңгейін анықтап, психологиялық жағдайын бақылау. Нәтижелер болашақта оқушыларға тиімді қолдау көрсетуге негіз болады.  
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ
21
октябрь
2025
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ
Эстетикалық топтық гимнастикадан Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында 139 мектеп-гимназияның 8 "Б" сынып оқушысы Мухтарова Аяулым I орынмен марапатталды.Құттықтаймыз!  
"Жүректен - жүрекке" - көңілді үзіліс!
15
октябрь
2025
"Жүректен - жүрекке" - көңілді үзіліс!
 Бастауыш сынып оқушыларын қолдау мақсатында мектеп психологтары көңілді үзіліс ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар сергіп жағымды эмоцияға бөленді. Мұндай үзілістер оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, оқу процесіне қызығушылығын арттыруға бағытталған.  
Сейсмикалық жаттығу
10
октябрь
2025
Сейсмикалық жаттығу
«Апаттық жағдайлар кезіндегі басшылық құрам мен оқушылардың әрекеттері» тақырыбында I-II-ауысымда сейсмикалық жаттығу. Мақсаты: Апаттық жағдайлар кезіндегі мектеп әкімшілігі мен оқушылардың әрекеттерін пысықтау.  
Елсана газеті
01
октябрь
2025
Елсана газеті
Елсана газеті – қоғамның айнасы, уақыттың тынысын, оқушы,мұғалімнің ой-пікірін бейнелейтін басты ақпарат құралы. Оның әрбір жаңа шығарылымы – өткен күннің шежіресі мен болашаққа бағытталған ойдың көрінісі.