Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 19
"Ақшам" газеті
06
февраль
2025
"Ақшам" газеті
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахымжанова Тамаша Бериковна "Тәуелсіз елдің тірегі-тіл мен тарих" атты мақаласы Ақшам газетіне жарияланды.      
"БІЛІМДІ ЕЛ" Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті
06
февраль
2025
"БІЛІМДІ ЕЛ" Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті
ДБЖЖО Мухатаева Назикен Нұрланқызының  "Оқу және оқыту әдістеріндегі революция"   атты мақаласы БІЛІМДІ ЕЛ Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінде жарық көрді.
"ЛЕНИНГРАД БЛОКАДА"
05
февраль
2025
"ЛЕНИНГРАД БЛОКАДА"
Ленинград Блокадасы-тарихтың ең ауыр беттерінің бірі! 1941-1944 жылдар аралығында 900 күн бойы қала жау қоршауында қалды. Бұл кезеңде миллондаған адам шығынға ұшырады, бірақ осы қиын-қыстау кезеңде халықтың шыдамдылығы мен рухы жеңіп шықты. Ленинградтың тұрғындары біріккен күшпен аштық,суық және үнемі қоршауда болуға қарамастан өмір сүрді. Бұл оқиға бізге ерліктің,төзімділіктің және елге деген сүйіспеншіліктің символы ретінде қалады.   
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
04
февраль
2025
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
АӘД пәнінің мұғалімі Бағдаулетов Бауыржан 10 "В" сыныбымен Сталинград шайқасының 82 жылдығына орай  "Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
"БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ" КӨРМЕСІ
04
февраль
2025
"БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ" КӨРМЕСІ
Бүгін 9-11 сынып оқушылары "Білім жәрмеңкесі"  Satbayev University-не барып қайтты.  Жәрмеңкеде: 1. Қатысушылар оқуға түсу талаптарымен танысты: 2. Университет өкілдерімен тікелей байланыс орнатты; 3. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларының мүмкіндіктері талқыланды. Бұл жәрмеңке болашақ түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда көмектесіп, құнды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы оқуда сәттілік тілейміз!  
Ашық тәрбие сағаты
03
февраль
2025
Ашық тәрбие сағаты
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" тақырыбында 9 "Ә" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Білім алушыларға достықтың құндылығын түсіндіру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне қолдау көрсету. Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді.   
Сейсмо жаттығу
03
февраль
2025
Сейсмо жаттығу
Мектеп-гимназиямызда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына жалпықалалық «Сейсмо жаттығу» өткізілді. Әр сынып жетекші сынып туралы рапорт беріп, оқушылар «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары» (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге алып шықты. Мектеп оқушылары алғашқы көмек қалай жасалатынын көрсетті.  
"Өнер-жұтамас қазына"
03
февраль
2025
"Өнер-жұтамас қазына"
"Өнер жұтамас қазына" атты тақырыпта 6 "Б" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Ашық сабаққа ата-аналарда қатысып, өз ойларымен бөлісті. Апта дәйексөзі: "Жасампаздық-бәрімізге өнеге"  
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кәсіптік бағдар беру"
31
январь
2025
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кәсіптік бағдар беру"
Арнайы педагог Махал Әсел ЕББҚ ететін оқушылардың ата-аналарына "Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері" атты тақырыпта семинар тренинг өткізді.    
"Әдеби сырласу"
31
январь
2025
"Әдеби сырласу"
"Оқуға құштар жобасы" аясында 7-сынып оқушыларымен "Әдеби сырласу" тақырыбында белгілі қаламгер Дулат Исабековтың "Дермене" хикаяты талданды.