"Табысты мектеп"
Биылғы оқу жылында "Табысты мектеп" педагогтердің командалық жұмысын және көшбасшылық қабілетін арттыратын курс өтті. Қала бойынша іріктелген 50 мектептен 250 педагог 7 апта бойы курстан өтіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Соның ішінде біздің мектеп-гимназия да қатысып, мектептің 3 жылдық даму бағдарламасы бойынша жоба қорғады. Нәтижесінде, мектебіміз Сингапур еліне 1 апталық тағылымдамадан өтуге барып келді.