Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 27
"Бұрымды қыз"
02
декабрь
2024
"Бұрымды қыз"
Қазақ қызының басты сұлулығы-бұрымында. Шаш өру-халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі.   
"Тәуелсіздік-атадан қалған аманат" атты онкүндік.
02
декабрь
2024
"Тәуелсіздік-атадан қалған аманат" атты онкүндік.
"Тәуелсіздік-атадан қалған аманат" атты эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘТД мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігінің онкүндіктің ашылуы өтілді. Сондай-ақ он күн бойы атқарылатын шаралар мен өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың жоспары жария етілді. Кафедра жетекшісі Шамшаева П мұғалімдер мен ата-аналарға онкүндікке белсене қатысуға шақырды.  
"Үнемі оқитын адам-табысты адам" атты ашық тәрбие сағаты.
02
декабрь
2024
"Үнемі оқитын адам-табысты адам" атты ашық тәрбие сағаты.
6 "А" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Есимбекова Ж " Үнемі оқитын адам - табысты адам" атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Кітап оқуға құштарлықты дамыту мақсатында өткізілген сабақ. Мақсаты: балаларды бос уақытта кітап оқуға шақыру, оқыған кітаптары бойынша қызықты тапсырма орындау.  
"Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" 10 "В" сынып оқушылары
02
декабрь
2024
"Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" 10 "В" сынып оқушылары
 "Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" 10 "В" сынып оқушылары  мен ашық тәрбие сағаты жүргізілді.    Тәрбие сағатының мақсаты:  мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" поэмасы
29
ноябрь
2024
Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" поэмасы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 8-сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясы өтті. Білім алушылар белгілі ақын Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын таңдап, өз ойларын ортаға салды. Белсенді қатысқан балалар арнайы дипломмен марапатталды.   
"Бейсенбі-Тазалық күні"
28
ноябрь
2024
"Бейсенбі-Тазалық күні"
"Бейсенбі-Тазалық күні".   Тазалықты өзімізден бастайық!
"Күз-береке бастауы" сурет байқауы
28
ноябрь
2024
"Күз-береке бастауы" сурет байқауы
Оқушылардың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттырып, бойларындағы дарынды жандандыру мақсатында "Күз-береке бастауы" тақырыбында республикалық сурет байқауына Шайх Асылбек, Жұмағали Ақпейіл қатысып, бас жүлдені иеленді.Жетекшілері: Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Кошеков Ермек,Камал Данагүл. Жарайсыздар!Жеңістеріңіз көп болсын!   
Халықаралық "Өнер керуені"
28
ноябрь
2024
Халықаралық "Өнер керуені"
Дубай қаласында өткен Халықаралық "Өнер керуені" байқауынан мектебіміздің 7 "Г" сынып оқушысы Тлеужанқызы Перизат, 6 "Д" сынып оқушылары Зайбулдан Жоламан, Есен Нұрлыбек "Көркем сөз" номинациясы бойынша қатысып Гран При жеңімпаздары атанды. Мектебімізде драма жетекшісі болған Болат Мамытбек ағайға алғыс білдіреміз. Еңбегіңіз жемісті болсын!   
"Мен бақытты баламын"  атты челлендж
28
ноябрь
2024
"Мен бақытты баламын" атты челлендж
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “20қараша-Дүниежүзілік балалар күніне орай “Мен бақытты баламын”атты челленджге бастауыш сынып  оқушыларымыз өте белсене қатысты. Видеоларымыз инстаграм желісіне жарияланды.
"Зерде" мектепішілік байқау
27
ноябрь
2024
"Зерде" мектепішілік байқау
27.11.2024ж.2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары "Зерде" республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті.