"Құқығын білген құл болмас" атты ашық сынып сағаты
10 "А" сынып оқушыларымен «Құқығын білген құл болмас» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Сынып сағатарында оқушыларға тақырып аясында түсінік беріліп, сұрақтарға-жауап алынып, мақал-мәтелдер жалғасын тауып, постерлер қорғады.