Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 49
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
17
февраль
2023
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
Республикалық Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда өз деңгейінде өткізілді. Байқауға мектеп-гимназиямыздан 3 оқушы қатысып, 9 сынып оқушысы Алимуратова Еркежан «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша 2-орын, "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша Нұржан Аружан 2-орын, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сыдықова Аяулым 1-орын алып, Сыдықова Аяулым қалаға жолдама алды.  
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
09
февраль
2023
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына орай "Есіме мені алғайсың" тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді. Поэзия сүйер оқушылар ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады.  
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
09
февраль
2023
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Рахымжанова Т., Синасап Н., Жумагалиева Г., ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының арасында "Ертегілер әлемінде..." тақырыбында сахналық қойылымдар жарысы өтті. Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
06
февраль
2023
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
5 сынып отбасылары арасында "Отбасылық таланттар" атты  шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру мен отбасы институтын нығайту. Тәлімді отбасыларды тағылым төріне сүйреп, жанұя мүшелеріне түгел қуаныш сыйлаған мерекелік шара аясында викториналық сұрақтар, түрлі байқаулар мен отбасылардың өнерлері ортаға салынды. Фестивальге 5 сынып отбасылары белсене қатысты.  
Жас ғалымдармен кездесу
30
январь
2023
Жас ғалымдармен кездесу
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай 10-11 сынып оқушыларымен "Ғалым болам десеңіз..." атты тақырыпта жас ғалымдармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды физика, химия және биология ғылымдары саласындағы ғалымдарымен таныстыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуіміздің қонақтары: Нурбакова Гулия Серикмухаметовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ прфессор м.а. "Физика" бойынша халықаралық олимпиадаларға
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
29
январь
2023
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
Рухани дүниетанымын, мәдени, танымдық көзқарастарын дамыту, сынып арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна барып, І.Жансүгіровтың “Құлагер” қойылымын тамашалап қайтты. Қойылымнан алған әсерлері жайлы ой бөлісті.  
Д.Қонаев атындағы мұражайға саяхат
29
январь
2023
Д.Қонаев атындағы мұражайға саяхат
Рухани азық жинау, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылықты дамыту, ата-бабаларына деген құрмет сезіміне тәрбиелеу мақсатында 3 сынып оқушылары Д.Қонаев атындағы мұражайға саяхат жасап қайтты.  
Қамқоршылық кеңесі және белсенді ата-аналардың жиналысы
20
январь
2023
Қамқоршылық кеңесі және белсенді ата-аналардың жиналысы
Қаңтар айының 20 күні сағат 18:00-де Қамқоршылық кеңесі және белсенді ата-аналардың жиналысы өтті.Күн тәртібінде бес мәселе қаралды:II тоқсан бойынша үлгерім мен сапа көрсеткіштерінің қорытындысы,II тоқсанда жүргізілген тәрбие жұмыстарының барысы туралы ,2022 жылдың IV квартал бойынша мектептің кіріс-шығыс есебімен таныстырды және Пікір алмасу, әр түрлі мәселелер қаралып,Оқушылар шығармаларынан көріністер,көрмелер және үйірме жұмыстарынан үзінділер көрсетілді.  
№3 Жалпысыныптық ата-аналар жиналысы
13
январь
2023
№3 Жалпысыныптық ата-аналар жиналысы
13-19 қаңтар аралығында “Отбасында тәрбие алған бала – бақытты бала” тақырыбында №3 Жалпысыныптық ата-аналар жиналысы онлайн түрде өтті.Күн тәртібінде: Отбасында тәрбие алған бала- бақытты бала тақырыбында баяндама оқылып, 2-тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім мен сапа көрсеткіші жәнеде әр түрлі мәселелер қаралды.