"Сенбілік"
Сенбілік тазалық жұмыстары өтті. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында мектебімізде жалпы мектепішілік сенбілік өтті. Сенбілікке 9-11 сыныптар мен ұстаздар белсене қатысты. Сыныптар өздеріне бөлініп берілген мектеп ауласын тазалады. Мектеп айналасындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан, тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды.