Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 2
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.  
Республикалық иновациялық орталық.
15
декабрь
2025
Республикалық иновациялық орталық.
"Жаңа Қазақстан" иновациялық орталығы Астана қаласындағы 11 желтоқсанда өткен "Жылдың 100 дарынды оқушысы" республикалық байқауының марапаттау рәсіміне мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар , 6 "В" сынып оқушылары Даулетқали Айзере және Шайых Айяулым қатысып 1 дәрежелі дипломмен және "Дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар.  
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің жетістіктерін таныта отырып, оқушыларды білімді, саналы, ел болашағына жауапты азамат болуға баулу мақсатынды мектеп-гимназиямызда “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.     
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру"атты аудандық семинар
12
декабрь
2025
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану
Бүгін 12.12.2025 күні Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында "Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында семинар-практикум өтті. Мектеп-гимназия ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушы шығармашылықтарымен таныстырды. Ауданнан келген педагогтар кері байланыс берді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.  
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
12
декабрь
2025
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен аймақтық «Бабалар аманаты» байқауында мектебіміздің абыройын асқақтатқан Синасап Нұргүл «Ғалымның хаты өлмейді» бағыты бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – ұстаздың терең білімінің, шығармашылық ізденісінің және ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан еңбегінің жемісі. Мектеп ұжымы атынан Синасап Нұргүлді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер және толағай жетістіктер тілейміз!   
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
12
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңінде мектебіміздің еңбекқор, ізденімпаз ұстазы Уалихан Сара өзінің кәсібилігі мен жаңашыл жұмысын жоғары деңгейде танытып, І орынға ие болды! Бұл жеңіс – ұстаздың үздік идеяларының, шығармашылық көзқарасының және оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын дәлелі. Мектеп ұжымы атынан Уалихан Сараны шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдіреміз!  
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
12
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран»   ұйымдарына қабылдаудың   мақсаты   – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын   белсенді, отаншыл жас ұрпақ   қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды  «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.  
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
12
декабрь
2025
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Абыройлы ұстаз» атты қалалық байқауда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым жүлделі III орынды иеленді. Байқау барысында әріптесіміз өзінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл әдіс-тәсілдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз!