"Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" 2025-2026 оқу жылы
11.12.2025ж күні мектебімізде 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу үдерісін талқылауға арналған кіші педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, әкімшілік мүшелері және ата-аналар қатысты. Жиын барысында бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде оқушылардың психологиялық, әлеуметтік, оқу-танымдық ерекшеліктері қарастырылып, бейімделу барысы жан-жақты талданды. Қатысушылар 5-сыныптан алынған бақылау, диагностика, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртіп