"Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" 2025-2026 оқу жылы
11.12.2025ж күні мектебімізде 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу үдерісін талқылауға арналған кіші педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, әкімшілік мүшелері және ата-аналар қатысты.
Жиын барысында бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде оқушылардың психологиялық, әлеуметтік, оқу-танымдық ерекшеліктері қарастырылып, бейімделу барысы жан-жақты талданды. Қатысушылар 5-сыныптан алынған бақылау, диагностика, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртіп көрсеткіштері туралы ақпараттармен бөлісті.
Ата-аналармен кері байланыс ұйымдастырылып, үй мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, оқушыларға қолдау көрсету, оқу дағдыларын қалыптастыру, жаңа оқу ортасына бейімделу жолдары жөнінде ұсыныстар берілді.
Педагогикалық кеңес нәтижесінде пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді күшейту тапсырылды. Ата-аналарға да баланың оқу үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңестер ұсынылды.