Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8. Білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасы
«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тақырыбындағы семинар
15
октябрь
2025
«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру Мақсаты: Оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық пен елге қызмет ету секілді ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды жүйелі түрде қалыптастыру. Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі Ұлттық құндылықтар – ұлттың жаны, тамыры, болмысы. Бүгінгі мектептің басты міндеттерінің бірі – ұлт болашағы болатын жас ұрпаққа тілі мен ділін, дәстүрі мен мәдениетін, тарихы мен тағылымын
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22
декабрь
2025
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22.12.2025ж. күні мектеп-гимназиямызда «Қош бол, сүйікті Әліппе» тақырыбында, оқушыларды алғашқы оқулығы — Әліппемен қоштасу сәтінің маңызын түсіндіру, білім жолындағы алғашқы қадамын бағалау, өзін-өзі еркін ұстау, сахналық мәдениет, шығармашылық қабілеттерін дамыту , ұ стазға, ата-анаға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында әліппемен қоштасу кеші ұйымдастырылды.      
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.  
Республикалық иновациялық орталық.
15
декабрь
2025
Республикалық иновациялық орталық.
"Жаңа Қазақстан" иновациялық орталығы Астана қаласындағы 11 желтоқсанда өткен "Жылдың 100 дарынды оқушысы" республикалық байқауының марапаттау рәсіміне мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар , 6 "В" сынып оқушылары Даулетқали Айзере және Шайых Айяулым қатысып 1 дәрежелі дипломмен және "Дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар.  
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
11
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарына қабылдаудың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын белсенді, отаншыл жас ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.    
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
30
октябрь
2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
Күз мезгілінде өткен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарлама аясында №139 мектеп-гимназия ұжымы аула тазалығына белсене атсалысты. Мұғалімдер мен қызметкерлер бірлесіп, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаштарды ретке келтірді. 🌿 Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын үлгі арқылы көрсету.  
Дублер күні
03
октябрь
2025
Дублер күні
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3 - қазан күні дублер күні өткізілді. Бұл күнгі басты мақсат —мұғалімнің орнына оқушы  (яғни, дублёр) оның күнделікті міндеттерін орындап көрді. Олар ұстаздардың бір күндік жұмысын бақылап, болашақ мамандығын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдай алады.      
Дублер күні
02
октябрь
2025
Дублер күні
02.10.2025ж. №139 мектеп-гимназиясында "Ұстаздар мерекесіне" орай өткізілетін "Дублер" күні қарсаңында мұғалім мамандығының жауапкершілігін сезіндіру, оқушыларға жаңа тәжірибе беру және бағыт бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.