Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
"Соңғы қоңырауға" түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
16
май
2025
"Соңғы қоңырауға" түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп инспекторы Искалиев Даурен 9,11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мейрамханаларда, кафелерде мектеп бітіру кештерін өткізуіне, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында естелік ретінде әртүрлі жерлерге барып суретке түсуіне болмайтындығын; Экскурсияларға шықпау, қауіпсіздік ережелері мен жауапкершілік туралы; 24-мамыр соңғы қоңырау күні мектеп бітіруші 9,11-сынып түлектеріне көліктермен колонна құрып жүруге \ кортеж жасауға\ қатаң тыйым салу. Жоғарыда
Отбасы күніне орай «Ахмет ұландары» дебат клубы «Отбасы құндылықтары» тақырыбында дебат өткізді.
16
май
2025
Отбасы күніне орай «Ахмет ұландары» дебат клубы «Отбасы құндылықтары»
2025 жылы 15 мамыр  Отбасы күніне орай «Ахмет Ұландары» дебат клубы «Отбасы құндылықтары» тақырыбында  дебат өткізді. Клуб спикерлері мен қатысушылар өз пікірлері мен дәлелдерін келтіре отырып, өмірмен байланыстыра мысалдар келтірді. Дебат тартысты өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, қызықты ойын көрсете алды.   
"Жұлдызың жансың,жас дарын!" дарынды оқушыларды марапаттау кеші
15
май
2025
"Жұлдызың жансың,жас дарын!" дарынды оқушыларды марапаттау кеші
15.05.2025ж күні мектеп-гимназиямызда "Жұлдызың жансың, жас дарын!" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқу, өнер, спорт және ғылым салаларында жетістіктерге жеткен оқушылардың еңбегін бағалап, оларға қолдау көрсету. Кеш барысында түрлі номинациялар бойынша үздіктер марапатталып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен жетістіктері кеңінен насихатталды.  
"Жас құтқарушылар" слеті
14
май
2025
"Жас құтқарушылар" слеті
Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен "Медеу" мұз айдынында  "Жас құтқарушы" слеті өтті. Біздің мектептің оқушылары да қатысып, бақтарын сынады. Слет мақсаты: жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқару әдіс-тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды өрт-құтқару спортымен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізде тəрбиелеу болып табылады.  
“Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы” мерекелік медалімен марапатталды
13
май
2025
“Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы” мерекелік медалімен марапатталды
2025 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тыл ардагерлері “Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы” мерекелік медалімен марапатталды.Бұл-елге сіңірген еңбегінің,қажырлы қызметінің және өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолының айғағы.🎖️  
Алматы қаласының прокураторасы жастардың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған "Zhastarmen" жобасын іске асыруды жалғастыруда.
13
май
2025
Алматы қаласының прокураторасы жастардың қатысуымен құқық
Мектеп оқушыларының әлемге әйгілі UFС шебері Шавкат Рахмоновпен кездесуі, оның барысында елдегі есірткі қылмысы талқыланды.  Қызу талқылау,өскелең ұрпаққа оң әсерін тигізіп, олар қол қойылған плакаттар мен қолғаптарды алды. Қала прокуратурасы қазақстандық спорт шеберлеріне жастарды ынталандырып тәрбиелеуге қосқан үлесі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреміз.  
"БІЛІМДІ ЕЛ"
13
май
2025
"БІЛІМДІ ЕЛ"
ДОЖЖО Толкинбекова Гульнара Сапаровнаның "Шығармашылық пен ақпараттың алтын көпірі" атты мақаласы Білімді ел Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінде жарық көрді.  
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
12
май
2025
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
"АДАЛ АЗАМАТ" біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде мектебімізде эссе байқауы өткізілді.Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.