Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 44
1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
26
декабрь
2022
1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
26-28.12.2022 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.Мерекеде Ертөстік батыр,Аяз ата,ақшақар,барыс,қоян,гриндж,эльза кейіпкерлері өнер көрсетті.Жаңа жылдық шырша мерекесін оқушылар ерекше көңіл күймен қарсы алды.  
"Бейбіт күннің батыры" тақырыбында кездесу кеші
15
декабрь
2022
"Бейбіт күннің батыры" тақырыбында кездесу кеші
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп-гимназиямызда сол желтоқсан оқиғасының куәсі болған, қазақ халқының бостандығына өз үлесін қосқан, қиын кезеңді көзімен көрген желтоқсан қоғам бірлестігінің мүшелері Қуаңбаев Нұрлыбек Шамшатұлы мен Тастекеев Жүрсін Құлбайұлымен кездесу кеші өтті. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, жүрек жарды тілектерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.     
Республикалық "Жас Ұлан"  балалар мен жасөспірімдер ұйымы
09
декабрь
2022
Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы
2022-2023 оқу жылының 9 желтоқсан күні Республикалық “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 2 және 5 сынып оқушыларын салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Мектеп парламент мүшелері “Жас Ұлан” ұйымының мақсат,міндеттерімен ережелерімен таныстырды. “Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушыларға туымызбен түстес көгілдір галстук және төсбелгілер тағылды. Отанын сүюге, құрметтеуге, елінің патриоты болуға Жас Ұлан және Жас Қыран мүшелері "АНТ" берді.  
№2 Қыздар жиналысы
28
ноябрь
2022
№2 Қыздар жиналысы
14-17 қараша күндері 5-11 сынып қыздарына №2 қыздар жиналысы "Қыз баланың жеке бас гигиенасы" тақырыбында өткізілді. №4 емханадан арнайы бала дәрігері,терапевт мамандар және гинеколог маманы Асель Габдуллаевна келіп, оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
"Арайлы, алтын күз-2022" байқауы
18
ноябрь
2022
"Арайлы, алтын күз-2022" байқауы
17 қараша күні мектепішілік 8-10 сынып оқушылары арасында дәстүрлі "Арайлы, алтын күз -2022" сайысы өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 – кезең: «Өзін-өзі таныстыру» (жұптар өздерін таныстырады) 2 – кезең: «Өнерің өрге жүзсін» (жұптар өнерлерін көрсетеді) 3 – кезең: Көрме. Үздік сурет және икебана  4 – кезең: «Күзгі вальс» 11 сынып белсене қатысып, 10"Ә" сыныбы топты жарып 1 орынды иеленды. 2 орын 8 "Г" сыныбына, 3 орын 9 "Ә" сыныбы иеленді. "Күз ханшайымы" номинациясымен 8 "Г" сынып оқушысы
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру” тақырыбындағы қалалық семинар
18
ноябрь
2022
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру”
18 қараша күні “Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі” атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында “Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Қаланың 30 мектебінен мұғалімдер келіп қатысты.   
№2 жалпысыныптық ата-аналар жиналысы
18
ноябрь
2022
№2 жалпысыныптық ата-аналар жиналысы
10-15 қараша күндері мектеп-гимназияда "Тәрбиесіз білімнің салдары" тақырыбында №2 жалпысыныптық ата-аналар жиналысы өтті. 1-ші тоқсан қорытындысымен ата-аналар таныстырылды, түрлі тренингтар жүргізіліп, медицина қызметкерлерімен де кездесу болды.  
"Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
14
ноябрь
2022
"Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі" атты бастауыш сынып
"Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылуы      
Мектеп-гимназияның тазалық жұмыстары
04
ноябрь
2022
Мектеп-гимназияның тазалық жұмыстары
3-4 қараша күндері мектеп-гимназия ауласында сенбілік өтті. Ер-азаматтар қауымы мен кіші қызметкерлер мектеп-гимназия айналасын жапырақтардан тазарту, қоқысын жинау, жерін тырмалау сияқты тазалық жұмыстарын жүргізді.  
25 қазан - Республика күні
22
октябрь
2022
25 қазан - Республика күні
 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз