Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 46
"Абайла, балақай" атты жолда жүру ережелеріне байланысты қойылым
12
март
2022
"Абайла, балақай" атты жолда жүру ережелеріне байланысты қойылым
1-сыныптар арасында "Абайла, балақай" тақырыбында жолда жүру ережелеріне байланысты қойылым өткізілді.   
"Ұлт-ұстазы-Ахмет" атты сазды кеш (ақындар сайысы)
12
март
2022
"Ұлт-ұстазы-Ахмет" атты сазды кеш (ақындар сайысы)
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ұлт ұстазы-Ахмет" атты әдеби сазды кешке мұғалімдер, оқушылар Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына барып, қатысып қайтты. Жас талантты студенттер және оқушылар арасында ақындар айтысты. Ұстаздар, оқушылар керемет көңіл-күймен шығып, жақсы әсер алғандарын айтты.    
"Көктем гүлі" қыз сыны
12
март
2022
"Көктем гүлі" қыз сыны
"Еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 4 -сыныптар арасында "Көктем гүлі" тақырыбында қыз сыны өткізілді. Қыздар өте белсенді қатысып, жан-жақты дайындалған. Бас жүлдені Айнақұлова Жәния жеңіп алды.           
1 Наурыз - "Алғыс айту күні" сынып сағаты
01
март
2022
1 Наурыз - "Алғыс айту күні" сынып сағаты
1 Наурыз- "Алғыс айту күніне" орай "Алғыс айту-адамзаттың асыл қасиеті" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.       
А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне саяхат
01
март
2022
А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне саяхат
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оқушылардың танымдық көзқарастарын дамыту мақсатында А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне 5 "Б", "В" сыныптары сынып жетекшілерімен бірге саяхат жасады. Оқушылар өте керемет әсер алғандарын айтып, А.Байтұрсыновтың өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, қолжазба, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптармен танысып келді.            
Кездесу кеші 24.02.2022ж
25
февраль
2022
Кездесу кеші 24.02.2022ж
24.02.2022ж күні А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актеры, 30 жыл кино саласында сіңірген еңбегі үшін "30 жылға 30 есім" атты Ұлттық жобаның жеңімпазы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Алғыс хаттарымен марапатталған, "Тәуелсіздікке 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл" медальдарының иегері,  "Жерұйық" фильміндегі Орынбай рөлі үшін "Жылдың ең үздік киноактері" және Абай
"Денсаулығым-байлығым" ашық сынып сағаты
15
февраль
2022
"Денсаулығым-байлығым" ашық сынып сағаты
Оқушыларға жаны саудың-тәні сау болатынын, дұрыс әрекет құндылығы арқылы ұғындыру мақсатында 2 "Ә" сыныбында "Денсаулығым-байлығым" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысып, тапсырмалардың барлығын топ болып орындады, өз ой-пікірлерін жүйелі жеткізе білді. Сынып жетекшісі: М.Бегова                
"Адамгершіілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты сурет көрмесі
08
февраль
2022
"Адамгершіілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты сурет көрмесі
"Сүйіспеншілік пен махаббат" атты өзін-өзі тану онкүндігі аясында "Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.    
"М.Мақатаев- ХХІ ғасыр ақыны" ашық тәрбие сағаты
08
февраль
2022
"М.Мақатаев- ХХІ ғасыр ақыны" ашық тәрбие сағаты
 Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау, ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екендігін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға  дағдыландыру мақсатында "М.Мақатаев-ХХІ ғасыр ақыны" тақырыбында 8 "А" сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық сабақ өте әсерлі, мәнді мағыналы өтті. Оқушылардың үш тілде ойларын ашық еркін жеткізе білуі, ата-аналармен бірлесе
"Достық түбі-адалдық" ашық тәрбие сағаты
02
февраль
2022
"Достық түбі-адалдық" ашық тәрбие сағаты
Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, балалардың достық ой-пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында  "Достық түбі-адалдық" тақырыбында 5 "А" сыныбында ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Сынып жетекшісі: М.Сакупова