Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 49
№139 мектеп-гимназияда "Nur Otan" партиясының құрылған күніне орай партия мүшелерін марапаттау іс-шарасы өтті. 01.03.2021ж
02
март
2021
№139 мектеп-гимназияда "Nur Otan" партиясының құрылған күніне орай
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 01.03.2021ж. күні "Nur Otan" партиясы мүшелерін марапаттау іс-шарасы өтті. Сондай-ақ мереке күні жетекші партияның қатары жаңа жалынды жастар мүшелерімен толықты. Осыған орай жаңа қабылданған партия мүшелеріне партия билеттері табысталды.                      
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
19
январь
2026
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы ☀️ Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігі – жүрекке жылу сыйлаған ерекше күндермен басталды. Кеше мектебіміз таңғы сәттен-ақ мүлде басқа күйге енді. Оқушылар мен ұстаздар аэропорт стиліндегі қарсы алуда білімге бағыт алған үлкен сапардың жолаушысындай әсер алды ✈️ Түсте осы әсерлі бастама әуез бен өнерге толы концертпен жалғасын тапты. Балалардың өнері – балалықтың шынайы үні, ұстаздардың қолдауы – шуақты шаңырақтың берік тірегі екенін тағы бір мәрте
Ата-аналар жиналысы.
15
январь
2026
Ата-аналар жиналысы.
Ата-аналарға баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, онлайн ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және балаларды цифрлық кеңістікте дұрыс, жауапты әрі қауіпсіз әрекет етуге бағыттау мақсатында мектеп-гимназиямызда №3-і жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.    
Әліппемен қоштасу кеші.
22
декабрь
2025
Әліппемен қоштасу кеші.
 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияда 22.12.2025ж "Рақмет саған Әліппем" тақырыбында әліппемен қоштасу кеші өтті. Бұл кеш – оқушылардың алғашқы оқу жетістігін атап өтетін, өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор мереке. Кеш барысында бірінші сынып оқушылары әліппемен қоштасып, әріп танып, оқи алғандарын өлең, тақпақ, ән, көріністер арқылы көрсетеді.  Кеш әдетте шаттыққа, қуанышқа толы, балалардың өнерін паш ететін, ата-аналар үшін де ерекше толғанысты сәт болады. Бұл – баланың мектеп өміріндегі
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22
декабрь
2025
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22.12.2025ж. күні мектеп-гимназиямызда «Қош бол, сүйікті Әліппе» тақырыбында, оқушыларды алғашқы оқулығы — Әліппемен қоштасу сәтінің маңызын түсіндіру, білім жолындағы алғашқы қадамын бағалау, өзін-өзі еркін ұстау, сахналық мәдениет, шығармашылық қабілеттерін дамыту , ұ стазға, ата-анаға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында әліппемен қоштасу кеші ұйымдастырылды.      
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.  
Республикалық иновациялық орталық.
15
декабрь
2025
Республикалық иновациялық орталық.
"Жаңа Қазақстан" иновациялық орталығы Астана қаласындағы 11 желтоқсанда өткен "Жылдың 100 дарынды оқушысы" республикалық байқауының марапаттау рәсіміне мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар , 6 "В" сынып оқушылары Даулетқали Айзере және Шайых Айяулым қатысып 1 дәрежелі дипломмен және "Дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар.  
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің жетістіктерін таныта отырып, оқушыларды білімді, саналы, ел болашағына жауапты азамат болуға баулу мақсатынды мектеп-гимназиямызда “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.