Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 50
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
11
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарына қабылдаудың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын белсенді, отаншыл жас ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.    
Атакент көрме орталығы.
21
ноябрь
2025
Атакент көрме орталығы.
2025 жылдың 21 қарашасы   Атакент көрме орталығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің дәстүрлі ресми қолдауымен XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне қатысып қайтты.    
Сынып жетекшілер отырысы.
30
октябрь
2025
Сынып жетекшілер отырысы.
Сынып жетекшілердің тәрбиелік жұмыстағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың жеке тұлғалық дамуын, тәртіп пен құндылық бағдарын қалыптастыру бағытындағы жұмысты жетілдіру, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру мақсатында кезекті сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Отырыста келесі тақырыптар қаралды: "Мен елімнің патриотымын" және "Отбасы - тәрбие бастауы".  
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
30
октябрь
2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
Күз мезгілінде өткен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарлама аясында №139 мектеп-гимназия ұжымы аула тазалығына белсене атсалысты. Мұғалімдер мен қызметкерлер бірлесіп, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаштарды ретке келтірді. 🌿 Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын үлгі арқылы көрсету.  
Әдістемелік кеңес.
28
октябрь
2025
Әдістемелік кеңес.
"ЖИ құралы арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу:цифрлық құзыреттілік пен адами құндылық үндестігі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңестің мақсаты жас ұрпақтың заманауи цифрлық дағдыларын қалыптастырумен қатар, адамгершілік құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған тәрбие мен білім беру үдерісін жетілдіру.  
«Қазақстанда 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы»
20
октябрь
2025
«Қазақстанда 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы»
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, бұл шешім еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды қадам болып табылады. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаудың басты мақсаты – Қазақстанда жұмысшы кәсіптердің беделін көтеру және ел экономикасы үшін қажетті білікті кадрларды даярлау.  Оқушыларға жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында мектеп ата-аналарының ішінен әр-түрлі  жұмысшы мамандық иелерімен
Эстетикалық пәндер онкүндігінің аясында.
07
октябрь
2025
Эстетикалық пәндер онкүндігінің аясында.
  А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясында "Эстетикалық пәндер онкүндігінің" аясында, 2 - сыныптар арасында оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру және қимыл-қозғалысын,яғни шапшандықты ептілікті,ерік күштерін,қайрат жігерін шыңдау мақсатында  “Кім жылдам” эстафеталық ойыны өткізілді.    
Дублер күні
03
октябрь
2025
Дублер күні
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3 - қазан күні дублер күні өткізілді. Бұл күнгі басты мақсат —мұғалімнің орнына оқушы  (яғни, дублёр) оның күнделікті міндеттерін орындап көрді. Олар ұстаздардың бір күндік жұмысын бақылап, болашақ мамандығын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдай алады.