Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихымыз
Елсана газеті
01
октябрь
2025
Елсана газеті
Елсана газеті – қоғамның айнасы, уақыттың тынысын, оқушы,мұғалімнің ой-пікірін бейнелейтін басты ақпарат құралы. Оның әрбір жаңа шығарылымы – өткен күннің шежіресі мен болашаққа бағытталған ойдың көрінісі.  
"ALEM ART"  көрме байқауы
25
апрель
2025
"ALEM ART" көрме байқауы
Ұлы жеңіске-80 жыл толуына орай "Шығармашылығымды Жеңіске арнаймын" атты "ALEM art" қалалық көрме байқаудан 10 сынып оқушысы Ибарймова Жанерке 2 орын иеленді, жетекшісі Камал Данагүл Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!  
«ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ»
21
апрель
2025
«ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ»
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 2024 - 2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ» ҰРАНЫМЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨТКІЗІЛГЕН ОҚУ САБАҚТАРЫ.  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
3-ақпан мен 25-ақпан аралығында Instagram әлеуметтік желісінде өткен "Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)" байқау қорытындысы бойынша II орын алған 11 “В” сынып оқушысы Сағынбек Іңкәр дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Алибекова Құралай  
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
20
март
2025
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. 22 наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20
март
2025
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні” Ұлттық ойындар-әр халықтың мәдениетінің тарихының айнасы.Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздың ерліктері мен болмысын танытады.20 наурыз біздің мектепте ерекше күн өтті.Бұл күні “Ұлттық ойындар” күні ретінде аталып өткізілді.Оқушыларымыз еркін күреске белсене қатысып,ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосты. 
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен  тәрбиелік іс-шара өткізілді.
12
март
2025
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара
Мектебімізде жоспарға сай 3 сыныптың сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен "Әжелер мектебі" клубында "Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы  қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету. Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға  болатыны туралы әңгімелеп берді
"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"
21
февраль
2025
"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты мектепішілік іс-шара мектебімізде жалғасын тауып жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық,әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.Оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ұлттық спорттық ойындар, соның ішінде: арқан тартыс,асық ойнау,тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды.   Ә
"Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу"
21
февраль
2025
"Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу"
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары Азимбаева Лилия Нармамбетовна, Жусупова Мариям Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап қайтты.  Кездесу барысында  ардагерлер өз өмір жолы, көрген қиындықтары мен жеткен жетістіктері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жас ұрпаққа өнегелі өсиеттерін айтып, патриоттық рух пен адамгершілік құндылықтарды насихаттады.  Еліміз әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені болсын! Сынып жетекшілері: Сакупова С, Тайманова Қ, Ақылбаева М  
Бір бауырсақ-бір мақал”
20
февраль
2025
Бір бауырсақ-бір мақал”
  Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Бір бауырсақ-бір мақал”танымдық айдары өтті. Мақсаты:Оқушылардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру.