Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 13
"Көктемгі демалыста қызықты өткізу"
31
март
2025
"Көктемгі демалыста қызықты өткізу"
ADK ойын-сауық орталығына 5"А" сынып оқушылары және жетекшісі Орысбаева Назым "Көктемгі демалыста қызықты өткізу" тақырыбында оқушылардың достасу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас нығайту мақсатында демалыс күнін тиімді өткізу сәтінен.  
"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ"
31
март
2025
"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында көктемгі демалыс  кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында,  "Демалыста кітап оқимыз"атты оқушылар арасында кітап оқуды ұйымдастырды. Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру,көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітап оқуға бастауыш және басқа сынып оқушылары қатысты. 
"Мектебіміздің мақтанышы"
23
март
2025
"Мектебіміздің мақтанышы"
Қабдош Арслан – ҚР чемпионатының күміс жүлдегері! 7-сынып оқушысы Қабдош Арслан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 49 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленді! Бұл – табандылық пен еңбектің жемісі! Арсланның алар асуы әлі алда! Жеңісің құтты болсын!  
"Сенбілік"
23
март
2025
"Сенбілік"
Сенбілік тазалық жұмыстары өтті. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында мектебімізде жалпы мектепішілік сенбілік өтті. Сенбілікке 9-11 сыныптар мен ұстаздар белсене қатысты. Сыныптар өздеріне бөлініп берілген мектеп ауласын тазалады. Мектеп айналасындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан, тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды. 
"Күй күмбірі"
20
март
2025
"Күй күмбірі"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы мен "Наурызнама" іс-шаралар жоспары аясында "Күй күмбірі" челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру,патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында аспаптық өнерді насихаттау. 
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
20
март
2025
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. 22 наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
20
март
2025
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
Мәдениеттің бастауы-тазалықта. Мектебімізде әр бейсенбі-Тазалық күні.Оқушыларымыз мектепішілік тазалық жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты: Еңбекке баулу арқылы оқушыларды оқу кабинеттеріне тазалық жүргізіп, өздерінің отыратын орнын таза ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20
март
2025
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні” Ұлттық ойындар-әр халықтың мәдениетінің тарихының айнасы.Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздың ерліктері мен болмысын танытады.20 наурыз біздің мектепте ерекше күн өтті.Бұл күні “Ұлттық ойындар” күні ретінде аталып өткізілді.Оқушыларымыз еркін күреске белсене қатысып,ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосты. 
"Бұрымды қыз" челленджі
19
март
2025
"Бұрымды қыз" челленджі
  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын дәріптеу мақсатында Наурыз- «отаншылдық пен тәуелсіздік» айының 19-і күні  қыздарымыз «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Мақсаты: -Қазақ қызының ұлттық сипатын, қазақ қызына тән иба, инабаттылықты нәсихаттау; -Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.