"Қысқы демалыс жоспарына сәйкес, мұражайға саяхат.
Қысқы демалыс жоспарына сәйкес, демалыстарын тиімді өткізу мақсатында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мұражайға 7 сыныптың оқушылары сынып жетекшілері мен бірге саяхаттап қайтты.Өмірі жайлы, ғылымға қосқан үлесі туралы таныстырылым жасады. Д.А.Қонаев ел алдындағы азаматтық борышын адал атқарғандығы, қазақ елінің дамуына қосқан үлесі ерекше әсер етті.Осындай ұлы тұлғалар тағылымына бас иіп, оқушыларды ұлттық құндылыққа толы мұраларды сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу басты парызымыз!