Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 46
Педагогикалық идеялар фестивалі
09
декабрь
2022
Педагогикалық идеялар фестивалі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орысбаева Назым Мейрханқызы Алматы қаласы Білім басқармасы қалалыөқ білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" қалалық байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.  
Кіші педагогикалық кеңес
19
ноябрь
2022
Кіші педагогикалық кеңес
5 сынып оқушыларының сыныптық жалпылама бейімделуін зерделеу қорытындысы бойынша кіші педагогикалық кеңес өтті. Комиссия мүшелері, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Комиссия мүшелері зерделеу қорытындысымен таныстырды. 5  сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі қалыпты деңгейде деп танылды.   
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру” тақырыбындағы қалалық семинар
18
ноябрь
2022
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру”
18 қараша күні “Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі” атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында “Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылықтарын арттыру” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Қаланың 30 мектебінен мұғалімдер келіп қатысты.   
№2 сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы
04
ноябрь
2022
№2 сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы
Сынып жетекші - тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан екені мәлім. Мектеп-гимназияда №2 сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. “Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы” тақырыбы аясында және басқа да мәселелер қозғалды.  
Мектепішілік ғылыми жоба
04
ноябрь
2022
Мектепішілік ғылыми жоба
26.10.2022ж. күні Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті, 12 жұмыс(19 оқушы) қатысты. Бұйрық бойынша комиссия мүшелері құрылып, жоба жұмыстары тыңдалды, критерий арқылы бағаланды.  
Жас педагогтардың “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауы
02
ноябрь
2022
Жас педагогтардың “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауы
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамет Әмина Қойшыбекқызы Алматы қаласы Білім басқармасы жас педагогтердің “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауынан жүлделі 2 орын иеленіп, 01.11.22 күні “Жас келсе іске…” атты жас педагогтардың қалалық слетында дипломмен марапатталды!   
Елсана 2022 /Қазан айы/
18
октябрь
2022
Елсана 2022 /Қазан айы/
"Елсана" ай сайын мектеп-гимназиясы жанынан шығатын әдеби танымдық басылымның кезекті шығарылымы жарық көрді.  
Би үйірме жетістігі
10
май
2022
Би үйірме жетістігі
Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер ән-би өнер байқауына Хореография жанры бойынша мектеп-гимназиямыздың  "Moolight" би тобы қатысып бас жүлде иеленді. Жетістіктерің көп болсын, тек биіктен көрініп мектеп-гимназиямыздың атын асқақтата беріңіздер!