"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Абыройлы ұстаз» атты қалалық байқауда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым жүлделі III орынды иеленді. Байқау барысында әріптесіміз өзінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл әдіс-тәсілдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз!