Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алматы БалаFest"   қалалық конкурсы
02
июнь
2023
"Алматы БалаFest" қалалық конкурсы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Алматы БалаFest” қалалық байқауының вокал номинациясы бойынша 11”А” сынып оқушысы Сәбит Назерке 3 орын иеленді. Жетекшісі вокал үйірме жетекшісі Н. Машербаев. “Кітап білім бұлағы” бағытының поэтикалық батл номинациясы бойынша Сыдыкова Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталынды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Рахымжанова. Жеңістеріңіз құтты болсын!  
"GIBRAT" театры
12
май
2023
"GIBRAT" театры
   Мектебіміздің драма және мәнерлеп оқу үйірмесінің "GIBRAT" театры О.Әубәкіров "Чемпион" комедиялық қойылымын қойды.Қойылым соңынан дәстүрлі "GIBRAT-2023" салтанатты марапаттауы өтті. Дарынды оқушыларды танымал театр және кино актері,"Сержан братан" телесериялының басты кейіпкері Дулыға Ақмолда келіп, мараппаттады. Оқушыларға жылы лебізін, жүрек жарды тілектерін арнап, батасын берді.    
Республикалық ғылыми жоба 2023
10
апрель
2023
Республикалық ғылыми жоба 2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына техника секциясы бойынша 11-сынып оқушылары ШАЙХ АСХАТ пен СЕРІК БАТЫРХАН қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.   
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
20
март
2023
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
Мектеп-гимназиямыздың мақтанышы 4”д” сынып оқушысы Есен Нұрлыбек “Каникулы-off-line 3” киносына түсіп, өзінің актерлік шеберлігін шыңдау үстінде. Қазіргі таңда бұл кино барлық кинотеатрлардан көрсетілуде. Актер ретіндегі алғашқы туындың үлкен экранға жол тартыпты. Сәттілік тілейміз, әрдайым жолың ашық болсын! Бұл сенің тек бастамаң деп білеміз! Өнерің өрге жүзсін! Жарайсың!  
"Үздік жыл психологы 2023" байқауы
17
февраль
2023
"Үздік жыл психологы 2023" байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны"  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" конкурсының қалалық кезеңіне мектеп-гимназия психологы Қуанышбай Айжан Ғаниқызы қатысып, ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.     
Педагогикалық идеялар
17
февраль
2023
Педагогикалық идеялар
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны"  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және  қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Педагогикалық идеялар" фестивалінің қалалық кезеңіне мектеп-гимназия психологы Қуанышбай Айжан Ғаниқызы қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.    
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
17
февраль
2023
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
Республикалық Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда өз деңгейінде өткізілді. Байқауға мектеп-гимназиямыздан 3 оқушы қатысып, 9 сынып оқушысы Алимуратова Еркежан «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша 2-орын, "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша Нұржан Аружан 2-орын, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сыдықова Аяулым 1-орын алып, Сыдықова Аяулым қалаға жолдама алды.