"СЕНБІЛІК"
Мектебімізде санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы өтті. Сенбілікке біздің мектеп оқушылары бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізінде сенбіліктер қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп оқушылары да барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.