Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 22
"Балдаурен" жазғы лагері
13
июнь
2023
"Балдаурен" жазғы лагері
"Балдаурен" жазғы демалыс лагерінің балалары күнді таңғы жаттығудан бастап,интеллектуалды ойын,жұмбақ жасыру,мақалды жалғастыру,қызықты сұрақтарға жауап алумен жалғастырды.  
Жазғы демалыс лагері
05
июнь
2023
Жазғы демалыс лагері
Мектебімізде "Балдаурен" жазғы демалыс лагерінің ашылуы салтанатты түрде өтіп,өз жұмысын бастады.Балалар ән айтып,би билеп,табиғат аясына серуендеп қызықты өткізді.    
"Алматы БалаFest"   қалалық конкурсы
02
июнь
2023
"Алматы БалаFest" қалалық конкурсы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Алматы БалаFest” қалалық байқауының вокал номинациясы бойынша 11”А” сынып оқушысы Сәбит Назерке 3 орын иеленді. Жетекшісі вокал үйірме жетекшісі Н. Машербаев. “Кітап білім бұлағы” бағытының поэтикалық батл номинациясы бойынша Сыдыкова Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталынды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Рахымжанова. Жеңістеріңіз құтты болсын!  
Қош бол, алтын ұя мектебім
02
июнь
2023
Қош бол, алтын ұя мектебім
Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылының 11сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жас түлектерге арналған бұл жиын көтеріңкі көңіл күйде, оқушылардың өнерлерін тамашалаумен басталып, түлектердің арнауымен жалғасын тапты. Ұстаздар құттықтау сөзін арнады. Жүздеріне күлкі ұялағанымен, жүректерінде қимастық сезімі бар, балғын балалық шақпен қоштасар алдында тұрған Жас түлектерді мектеп-гимназияны бітірулерімен, үлкен өмірге қадам басуларымен шын
31 мамыр оқу жылының соңғы сабақ күні
31
май
2023
31 мамыр оқу жылының соңғы сабақ күні
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 31 мамыр 2023 жылы оқу үрдісі талапқа сай жүргізілуде. Соңғы тақырыптар, қайталау жұмыстары мен емтиханға дайындықтары, мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы да өз деңгейінде ұйымдастырылуда.  
Дарынды оқушылар слеті
23
май
2023
Дарынды оқушылар слеті
2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша білім мен ғылым жолында ерінбей еңбек етіп,биіктерден көрінген дарынды оқушыларымызды жетістіктерімен марапаттау слеті өтті. Түрлі Халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен көркем оқу, ән-би байқауларының жеңімпаздарын арнайы мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы марапаттап, оқушыларды құттықтады. Жалпы 69 оқушы түрлі дипломдармен марапатталынды.  
"GIBRAT" театры
12
май
2023
"GIBRAT" театры
   Мектебіміздің драма және мәнерлеп оқу үйірмесінің "GIBRAT" театры О.Әубәкіров "Чемпион" комедиялық қойылымын қойды.Қойылым соңынан дәстүрлі "GIBRAT-2023" салтанатты марапаттауы өтті. Дарынды оқушыларды танымал театр және кино актері,"Сержан братан" телесериялының басты кейіпкері Дулыға Ақмолда келіп, мараппаттады. Оқушыларға жылы лебізін, жүрек жарды тілектерін арнап, батасын берді.    
«Презентациядағы видео» атты ашық сабақ
10
май
2023
«Презентациядағы видео» атты ашық сабақ
Информатика пәні мұғалімі А.Батырбекова математика және информатика пәндер кафедрасының онкүндігі аясында  4 «Б» сынып  оқушыларымен «Презентациядағы видео» атты ашық сабағын өткізді. Мақсаты: Белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану, презентцияға дыбыс пен бейнені кірістіру. Сабақ барысында СТО технологиялары, тренинг, сергіту сәті тиімді қолданылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды.   
«Мәтінді есептер шығару» атты ашық сабақ
10
май
2023
«Мәтінді есептер шығару» атты ашық сабақ
 Математика пәні мұғалімі Акылбаева М.  5 «В» сынып  оқушыларымен «Мәтінді есептер шығару» атты ашық сабағын өткізді. Мақсаты:  Мәтінді есептерді шешу дағдысын қалыптастыру; тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамытуына аса көңіл бөлу. Сабақ барысы: 1. Амандасу, ұйымдастыру,Негізгі бөлім, Деңгейлік тапсырамалар, Жұптық жұмыс, қорытынды жұмыстары толық оқушы деңгейіне сәйкес ұйымдастырған. Сабақ  жоғары деңгейде
"Бірлігіміз жарасқан елміз"
09
май
2023
"Бірлігіміз жарасқан елміз"
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында 1"Б" сыныбында "Бірлігіміз жарасқан елміз" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының негізгі мақсаты ынтымақтастыққа,татулыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, б іздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру болды. Сынып жетекшісі: Найманханова Салтанат