Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 24
"ҚОШ КЕЛДІҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ"
20
март
2023
"ҚОШ КЕЛДІҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ"
Наурыз мейрамы құтты болсын!  Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.  Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!  Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мектеп-гимназиямызда да атап өтілді.
Көктем аруы-2023
06
март
2023
Көктем аруы-2023
8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 8-9 сынып арулары арасында “Көктем аруы-2023” мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, аруларымызды инабаттылыққа, әдептілікке, ізеттілікке, нәзіктікке, адамгершілікке, қазақтың салт-дәстүрлерін ұмытпай құрметтеуге баулу. Аруларымыз жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, Бас жүлдені 9"В" сынып оқушысы Сыдыкова Аяулым жеңіп алды.   
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
17
февраль
2023
Республикалық М.Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі
Республикалық Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда өз деңгейінде өткізілді. Байқауға мектеп-гимназиямыздан 3 оқушы қатысып, 9 сынып оқушысы Алимуратова Еркежан «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша 2-орын, "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша Нұржан Аружан 2-орын, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Сыдықова Аяулым 1-орын алып, Сыдықова Аяулым қалаға жолдама алды.  
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
09
февраль
2023
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына орай "Есіме мені алғайсың" тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді. Поэзия сүйер оқушылар ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады.  
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
09
февраль
2023
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Рахымжанова Т., Синасап Н., Жумагалиева Г., ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының арасында "Ертегілер әлемінде..." тақырыбында сахналық қойылымдар жарысы өтті. Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері кафедрасының онкүндігінің ашылуы
09
февраль
2023
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері кафедрасының онкүндігінің ашылуы
"Қазақстан Тәуелсіздігі- мәңгілік елдің тілі мен тарихы" тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық пәндері кафедрасының онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Мақсаты: Онкүндік барысында оқушылардың шығармашылық қасиетін дамыту, туған тарихын, тілін сүюге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.  
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
06
февраль
2023
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
5 сынып отбасылары арасында "Отбасылық таланттар" атты  шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру мен отбасы институтын нығайту. Тәлімді отбасыларды тағылым төріне сүйреп, жанұя мүшелеріне түгел қуаныш сыйлаған мерекелік шара аясында викториналық сұрақтар, түрлі байқаулар мен отбасылардың өнерлері ортаға салынды. Фестивальге 5 сынып отбасылары белсене қатысты.  
Жас ғалымдармен кездесу
30
январь
2023
Жас ғалымдармен кездесу
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай 10-11 сынып оқушыларымен "Ғалым болам десеңіз..." атты тақырыпта жас ғалымдармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды физика, химия және биология ғылымдары саласындағы ғалымдарымен таныстыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуіміздің қонақтары: Нурбакова Гулия Серикмухаметовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ прфессор м.а. "Физика" бойынша халықаралық олимпиадаларға