Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық конкурсы.
02
февраль
2026
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық конкурсы.
Оқу-ағарту министрлігінің  «SUNQAR» республикалық білім орталығының  ұйымдастыруымен қаңтар айында өткен  «Ақ шағала» республикалық хореографиялық конкурсына  мектебіміздің шәкірттері белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Аталған байқауда оқушыларды кәсіби деңгейде дайындап, өнер саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін би үйірмесінің жетекшісі  Оразова Меруерт Сатарбекова  арнайы марапатқа ие болды. Сонымен қатар, шәкірттеріміз байқау қорытындысы бойынша  І орынға  ие болып, мектебіміздің
«Инновациялық идеялар жәрмеңкесі» атты ғылыми-танымдық шара өтті.
23
январь
2026
«Инновациялық идеялар жәрмеңкесі» атты ғылыми-танымдық шара өтті.
2026 жылғы 23 қаңтар күні сағат 11.00-де Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Инновациялық идеялар жәрмеңкесі» атты ғылыми-танымдық шара ұйымдастырылды.    Аталған шараға тәжірибелік жұмыстарын көрсету мақсатында мектеп атынан 5,9,10 сынып оқушылары қатысып, өздерінің инновациялық жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Оқушылар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық идеялары арқылы жоғары белсенділік танытты. Шара қорытындысы бойынша қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – білім
“ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру:заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбындағы  VIII педагогикалық оқулардың мектепішілік кезеңі
14
январь
2026
“ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру:заманауи педагогтің
Бүгін мектеп-гимназиямызда “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбында VIII педагогикалық оқулардың мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты — білім беру жүйесіндегі ұлттық құндылықтарды жаңаша көзқараспен дамыту, заманауи педагогтің кәсіби ұстанымын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру. Педагогикалық оқулар барысында мұғалімдер өздерінің авторлық
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің отырысы.
13
январь
2026
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің отырысы.
Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау мақсатында кезекті психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) отырысы ұйымдастырылды. Аталған жиынға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктері мен қиындықтарын талдап, оларды тиімді қолдаудың
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру"атты аудандық семинар
12
декабрь
2025
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану
Бүгін 12.12.2025 күні Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында "Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында семинар-практикум өтті. Мектеп-гимназия ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушы шығармашылықтарымен таныстырды. Ауданнан келген педагогтар кері байланыс берді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.  
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
12
декабрь
2025
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен аймақтық «Бабалар аманаты» байқауында мектебіміздің абыройын асқақтатқан Синасап Нұргүл «Ғалымның хаты өлмейді» бағыты бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – ұстаздың терең білімінің, шығармашылық ізденісінің және ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан еңбегінің жемісі. Мектеп ұжымы атынан Синасап Нұргүлді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер және толағай жетістіктер тілейміз!   
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
12
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңінде мектебіміздің еңбекқор, ізденімпаз ұстазы Уалихан Сара өзінің кәсібилігі мен жаңашыл жұмысын жоғары деңгейде танытып, І орынға ие болды! Бұл жеңіс – ұстаздың үздік идеяларының, шығармашылық көзқарасының және оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын дәлелі. Мектеп ұжымы атынан Уалихан Сараны шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдіреміз!  
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
12
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран»   ұйымдарына қабылдаудың   мақсаты   – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын   белсенді, отаншыл жас ұрпақ   қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды  «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.  
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
12
декабрь
2025
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Абыройлы ұстаз» атты қалалық байқауда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым жүлделі III орынды иеленді. Байқау барысында әріптесіміз өзінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл әдіс-тәсілдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз!  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 52 Вперед