Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
"PISA-2025"
17
апрель
2025
"PISA-2025"
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында  ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандиданты,доцент Садақбаев Тәңірберген Турсынбайұлымен кездесу өтілді. PISA-2025 Халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушылармен сұхбат жүргізді.Оқушыларға PISA халықаралық зерттеуінің маңызы туралы жан-жақты түсіндіріп,PISA-оқу,математика және жаратылыстану ғылымдар саласында білім алушылардың алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде қаншалықты тиімді қолдана алатынын бағалайтын Халықаралық зерттеу
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. "ӘБІШ ОҚУЛАРЫ" аудандық кезеңі
16
апрель
2025
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. "ӘБІШ ОҚУЛАРЫ" аудандық кезеңі
2025 жылдың 16 сәуірінде "Әбіш оқулары" республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.  "Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Айдар Жанерке 3 орын, "Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу" бағыты бойынша Ришат Жанайым 2 орын, "Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы" бойынша Ғұмар Алия 3 орынды иеленді.
"БІЛІМДІ ЕЛ" ГАЗЕТІ
15
апрель
2025
"БІЛІМДІ ЕЛ" ГАЗЕТІ
"Білімді ел" газетіне биология пәнінің мұғалімі,ДОЖЖО Газиза Жумашева "Пән сабағын ағылшын тілінде өткізудің тиімділігі" атты мақаласы жарық көрді.  
«Ағаш отырғызу» акциясы
14
апрель
2025
«Ағаш отырғызу» акциясы
Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан
"Ерекше білімді қажет ететін" оқушылардың ата-аналарына арналған семинар
11
апрель
2025
"Ерекше білімді қажет ететін" оқушылардың ата-аналарына арналған
Логопед:Нақыпбаева М.Т.«Дислексия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері», Арнайы- педагог:Махал Ә.Қ  Семинар-практикум: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұны» атты тақырыптарда    ата-аналарға арналған семинар тренинг өткізілді.  
12 сәуір-Ғарышкерлер күні!
11
апрель
2025
12 сәуір-Ғарышкерлер күні!
Мақсаты:Ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый - құрметтерін нығайту.    1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері,  ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.  Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары  500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров,
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
11
апрель
2025
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-анасы  қалыптастырады. Бала ата-анасының өнегелі әңгімелерін, шежірелерін тыңдап өседі. Өмірден көргені мен түйгені мол  тәрбиелеген бала сөздің қадірін білетін болады. Осы мақсатта ұйымдастырылып жатқан “Өнегелі 15 минут” шарасы біздің сынып оқушыларының отбасыларында жалғасын табуда. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай 1 "Б" сынып оқушысы Атабек Алинұрдың әкесі күн сайын уақыт бөліп, ақылын айтып, білгенін үйретуде. Алинұр да
QR КОД
11
апрель
2025
QR КОД
Оқушыларға қатысты булингке және құқыққа қарсы іс-қимыл фактілеріне қарсы әрекеттер бойынша прокуратураның Qr-кодтары мектеп оқушыларының оқулықтарына орналастырылды.  
"Күй күмбірі"
10
апрель
2025
"Күй күмбірі"
Күй күмбірі" - «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шара. Бағдарламаның басты мақсаты: - ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу; - домбыра аспабын насихаттап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру; Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп оқушылары 10 минуттық үзілісте «Нәр ағашы» күйін нақышына келтіріп, орындап шықты.  
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
10
апрель
2025
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
"Таза бейсенбі" мектепішілік тазалық күні әр бейсенбі өткізіледі. Әр сынып сынып жетекшілері мен бірге өз кабинеттерін тазалап, жинайды. Білім алушылар ынтымақтаса отырып,жұмыс жасайды . Балаларды еңбекке баулу арқылы еңбексүйгіштікке, өз мүлкіне жанашырлықпен қарауға үйрету.