Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ашық орган
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру"атты аудандық семинар
12
декабрь
2025
"Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану
Бүгін 12.12.2025 күні Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында "Оқу мен оқытуда цифрлы ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында семинар-практикум өтті. Мектеп-гимназия ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушы шығармашылықтарымен таныстырды. Ауданнан келген педагогтар кері байланыс берді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.  
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
12
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңінде мектебіміздің еңбекқор, ізденімпаз ұстазы Уалихан Сара өзінің кәсібилігі мен жаңашыл жұмысын жоғары деңгейде танытып, І орынға ие болды! Бұл жеңіс – ұстаздың үздік идеяларының, шығармашылық көзқарасының және оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын дәлелі. Мектеп ұжымы атынан Уалихан Сараны шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдіреміз!  
«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тақырыбындағы семинар
15
октябрь
2025
«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру Мақсаты: Оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық пен елге қызмет ету секілді ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды жүйелі түрде қалыптастыру. Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі Ұлттық құндылықтар – ұлттың жаны, тамыры, болмысы. Бүгінгі мектептің басты міндеттерінің бірі – ұлт болашағы болатын жас ұрпаққа тілі мен ділін, дәстүрі мен мәдениетін, тарихы мен тағылымын
Сейсмикалық жаттығу
10
октябрь
2025
Сейсмикалық жаттығу
«Апаттық жағдайлар кезіндегі басшылық құрам мен оқушылардың әрекеттері» тақырыбында I-II-ауысымда сейсмикалық жаттығу. Мақсаты: Апаттық жағдайлар кезіндегі мектеп әкімшілігі мен оқушылардың әрекеттерін пысықтау.  
Елсана газеті
01
октябрь
2025
Елсана газеті
Елсана газеті – қоғамның айнасы, уақыттың тынысын, оқушы,мұғалімнің ой-пікірін бейнелейтін басты ақпарат құралы. Оның әрбір жаңа шығарылымы – өткен күннің шежіресі мен болашаққа бағытталған ойдың көрінісі.  
№1 Ұлдар жиналысы
24
сентябрь
2025
№1 Ұлдар жиналысы
        №139 мектеп-гимназияда 24-25.09.2025ж күні  мектеп-гимназия инспекторы Полиция капитаны  Исқалиев Дәурен Қайратұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манкентбаев Ғалымжан Құрманғазы ұлы  5-11 сынып оқушыларымен  «Жауапкершілік – ер азаматтың басты қасиеті» тақырыбында ұлдар жиналысы жүргізілді.Мақсаты – ер азаматтың бойындағы жауапкершілік қасиетінің маңызын ашып, оны үлгі ретінде көрсету арқылы жеке тұлға мен қоғамның дамуына ықпал ету.Соңында оқушылар сұрақтарын қойып,
"Қазақ тілін оқытудағы басты бағыт-теория мен практиканың тепе-теңдігі"
22
август
2025
"Қазақ тілін оқытудағы басты бағыт-теория мен практиканың
"А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Толкинбекова Гүлнар Сапарқызы-өз ісіне адал,шәкірт тәрбиелеуде талай буынға үлгі болған ұстаз.Ол ұзақ жылдар бойы мектеп қабырғасында жас ұрпақтың тілдік және әдеби сауатын қалыптастыруға, олардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытуға күш салып келеді.Тәжірибелі педагогпен қазақ тілін оқытудың қазіргі деңгейі,мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолдары,сондай-ақ кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың тиімді
1- сыныпқа қабылданған оқушыларды мектепке бейімдеу.
21
август
2025
1- сыныпқа қабылданған оқушыларды мектепке бейімдеу.
"1-сыныпқа қабылданған оқушыларды мектепке бейімдеу мақсатында шақырып, адаптациялық кезеңнен өткіздік. Бұл жұмыс барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртібімен таныстыру, сынып жетекшілерімен және сыныптастарымен қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау, ойын түрінде таныстыру сабақтары ұйымдастырылды."  
Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу
26
май
2025
Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу
   26.05.2025ж сағат 9:00де Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді.  1-5 сынып оқушылары және  ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері  сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде
"Жұлдызың жансың,жас дарын!" дарынды оқушыларды марапаттау кеші
15
май
2025
"Жұлдызың жансың,жас дарын!" дарынды оқушыларды марапаттау кеші
15.05.2025ж күні мектеп-гимназиямызда "Жұлдызың жансың, жас дарын!" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқу, өнер, спорт және ғылым салаларында жетістіктерге жеткен оқушылардың еңбегін бағалап, оларға қолдау көрсету. Кеш барысында түрлі номинациялар бойынша үздіктер марапатталып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен жетістіктері кеңінен насихатталды.  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 Вперед