Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 14
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
20
март
2025
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
Мәдениеттің бастауы-тазалықта. Мектебімізде әр бейсенбі-Тазалық күні.Оқушыларымыз мектепішілік тазалық жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты: Еңбекке баулу арқылы оқушыларды оқу кабинеттеріне тазалық жүргізіп, өздерінің отыратын орнын таза ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20
март
2025
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні” Ұлттық ойындар-әр халықтың мәдениетінің тарихының айнасы.Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздың ерліктері мен болмысын танытады.20 наурыз біздің мектепте ерекше күн өтті.Бұл күні “Ұлттық ойындар” күні ретінде аталып өткізілді.Оқушыларымыз еркін күреске белсене қатысып,ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосты. 
"Бұрымды қыз" челленджі
19
март
2025
"Бұрымды қыз" челленджі
  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын дәріптеу мақсатында Наурыз- «отаншылдық пен тәуелсіздік» айының 19-і күні  қыздарымыз «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Мақсаты: -Қазақ қызының ұлттық сипатын, қазақ қызына тән иба, инабаттылықты нәсихаттау; -Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. 
"ҰЛТТЫҚ КИІМ" КҮНІ
18
март
2025
"ҰЛТТЫҚ КИІМ" КҮНІ
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз-Ұлттық киім күні. 
8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.
18
март
2025
8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы
 19-20 Наурыз күндері 8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.  Тренингтер барысында әртүрлі тақырыптар талқыланып, жасөспірімдер арасында психологиялық қауіпсіздік, өзін-өзі бағалау және өзара қолдау көрсету дағдылары жайында маңызды ақпарат берілді. Психологтар аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу жолдары туралы кеңес беріп,
«Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»
18
март
2025
«Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»
     Наурыз айының 18-ші жұлдызында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» атты директордың тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға арнайы бағдарлама құрылып, мұғалімдердің іс-тәжірибесі таратылды.Семинардың ашылу салтанаты "Самғау" ансамблінің орындауындағы хормен басталды,мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков семинарда кіріспе сөз сөйлеп,семинар қатысушыларға сәттілік
"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні" атты тәрбие сағаты
17
март
2025
"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні" атты тәрбие сағаты
⚜️Білім алушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  мектеп-гимназиямызда ашық  тәрбие сағаттары өткізілді. ⚜️Тәрбие сағаты барысында білім алушылар қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлеу керектігін түсініп, мерекеге байланысты өз өнерлерімен бөлісті. 
"Қазақ аруы-2025" байқауы
14
март
2025
"Қазақ аруы-2025" байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына сіңіру, қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, ұяңдық, кішіпейілділік қасиеттеріне тәрбиелеу, әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге,  табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 9-10 сынып қыздары арасында "Қазақ аруы-2025" байқауы өтті.  
"Алкоголь мен темекінің зияны" дөңгелек үстел
13
март
2025
"Алкоголь мен темекінің зияны" дөңгелек үстел
7-сынып оқушыларымен маңызды тақырыпта-алкоголь мен темекінің зияны туралы дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесуде оқушылар зиянды әдеттердің ағзаға,денсаулыққа, болашаққа қалай әсер ететінін талқылады.Оқушылар белсенді түрде өз ойларын айтып, пікір алмасты. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. 
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен  тәрбиелік іс-шара өткізілді.
12
март
2025
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара
Мектебімізде жоспарға сай 3 сыныптың сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен "Әжелер мектебі" клубында "Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы  қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету. Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға  болатыны туралы әңгімелеп берді