Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 21
Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат.
29
январь
2025
Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат.
 Мақсаты: Қазақ халқының сарқылмас өнер үлгілерімен таныстыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхаттап, халық өнерін қастерлеуге, дәріптеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Саяхат барысында оқушылар естен кетпес керемет туындылармен таныса отырып, ерекше алған әсерлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ә.Қастеевтің «Бала Абай», «Түрксіб», «Жамбыл Жабаев», «Шоқан Уәлиханов», «Амангелдінің
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2025"
29
январь
2025
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2025"
Мектеп-гимназиямызда "Жігіт сұлтаны-2025" атты байқауы өтілді. Байқаудың басты мақсаты — жігіттерді батырлыққа, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жан-жақты болуға баулу.  Барлық қатысушылар нағыз жігіттер тамаша өнер көрсетті. «Жігіт сұлтаны» деп атай алатын нағыз батыр, батыл, ержүрек, ақылды да салмақты, сабырлы ұлды әділқазы алқалары таңдап марапаттады. Қатысушыларымызға әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз!  
“Әдеби сырласу”
29
январь
2025
“Әдеби сырласу”
"Оқуға құштар" бағдарламасының аясында,қаңтар айының 29-жұлдызында 7-сынып оқушыларымен  Дулат Исабековтың “Дермене” повесін талқылауға арналған “Әдеби сырласу” атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты:  Халықтың рухани байлығын дамытып, мәдениетті, парасатты,  бауырмал, жан әлемі жетілген, рухани түсінігі мол жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
28
январь
2025
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
  Ал тарих туған жерден басталады. Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, балаларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі. Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында 9 сынып оқушылары пән мұғалімдерімен мұражайға саяхат жасап, көптеген
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" атты ашық сабақ.
27
январь
2025
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" атты ашық сабақ.
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" атты 9 "Ә" сыныбыныда ашық  тәрбие сабақ өтілді.   
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
27
январь
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
 Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін
"Жаңа мектепке - Жаңашыл ұстаз" атты VII республикалық байқаудың мектепішілік кезеңі өтті.
23
январь
2025
"Жаңа мектепке - Жаңашыл ұстаз" атты VII республикалық байқаудың
 23.01.2025 А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназияда жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында "Жаңа мектепке - Жаңашыл ұстаз" атты VII республикалық байқаудың мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға барлығы 6 мұғалім қатысып, ең жақсы көрсеткішке ие болған, математика пәнінің мұғалімі Дукай Т. аудандық кезеңге жолдама алды. Ұйымдастырушы: ДБЖО Мухатаева.Н.Н. ЖММ жетекшісі Несипбекова Г. Б.
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.
23
январь
2025
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.
 Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 36 жылдығына орай    Ауған соғысы ардагерлерімен  кездесу кеші   ұйымдастырылды.Іс-шараға ардагерлеріміз : Даркенбаев Б.Қ, Құнанбай.Ж.Қ,Жорабаев А.А. шақырылды.Ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдері мен естеліктерін баяндады.Мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Бағдаулетов Бауыржан жоғарғы сынып оқушыларына жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Кездесу оқушылардың
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" бірыңғай сынып сағаты өтті
23
январь
2025
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" бірыңғай сынып сағаты өтті
Мектебімізде «Адалдық-адамдықтың белгісі» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру. Оқушылардың бойына  рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды болуға адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
23
январь
2025
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
“Таза бейсенбі” мектепішілік тазалық күні әр бейсенбі өткізіледі. Әр сынып сынып жетекшілері мен бірге өз кабинеттерін тазалап, жинайды. Білім алушылар ынтымақтаса отырып,жұмыс жасайды  . Балаларды еңбекке баулу арқылы еңбексүйгіштікке, өз мүлкіне жанашырлықпен қарауға үйрету.