Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 16
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
28
февраль
2025
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
Ақпан айының 28-ші жұлдызында Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия аясында “Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі” атты музыка  пәні мұғалімдеріне  арналған ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР  өте жоғары деңгейде өтті. Пән мұғалімдері өз іс- тәжірибелерімен бөліcті.  
Бейсенбі- тазалық күні!
27
февраль
2025
Бейсенбі- тазалық күні!
Бейсенбі- тазалық күні. 10 “А” сыныбы “Тазалық- денсаулық кепілі” ұранын алға тартып, өз кабинеттеріне тазалық жұмысын жүргізді. Таза жерде отырып білім алған қандай тамаша!  
"Нашақорлыққа жол жоқ"
26
февраль
2025
"Нашақорлыққа жол жоқ"
Нарколог маманмен маңызды кездесу өтті. 🔹 2025 жылдың 26 ақпанында мектебімізде нарколог маманмен кездесу өтті. Кездесу барысында маман нашақорлықтың түрлері, олардың денсаулыққа зияны және тәуелділіктің ауыр салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.  
"Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты аудандық семинар
25
февраль
2025
"Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты
25.02.2025ж күні А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында "Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты Әуезов аудандық мектеп басшыларына арналған семинар өтілді. Семинардың ашылу салтанаты "Самғау" ансамблінің орындауындағы хормен басталды,мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков семинарда кіріспе сөз сөйлеп,семинар қатысушыларға сәттілік тіледі. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы жаһандық өзгерістерге
🌍🔬 ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒАЖАЙЫП ТӨРТ ТІРЕГІ
24
февраль
2025
🌍🔬 ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒАЖАЙЫП ТӨРТ ТІРЕГІ
🌍🔬 ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒАЖАЙЫП ТӨРТ ТІРЕГІ Мектебімізде ғылыми-жаратылыстану пәндері онкүндігінің ашылуы өтті! 🌟 “Жаратылыстанудың ғажайып төрт тірегі” атты бұл шара ғылымға қызығушылықты арттырып, оқушыларды жаңалық ашуға шабыттандыруға бағытталған. Алдағы он күнде қызықты тәжірибелер, танымдық сабақтар мен ғылыми зерттеулер күтіп тұр!  
✨ “Әдепті бала – сүйкімді” ✨
24
февраль
2025
✨ “Әдепті бала – сүйкімді” ✨
✨ “Әдепті бала – сүйкімді” ✨ 2 “Ә” сыныбында “Әдепті бала – сүйкімді” атты ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар әдептілік пен сыйластықтың маңызын түсініп қана қоймай, түрлі қызықты тапсырмалар орындап, рөлдік ойындар арқылы өмірлік жағдайларды сахналады. 🎭 Жағдаяттық театр барысында балалар өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, сыпайылық таныту және үлкендерді құрметтеу дағдыларын меңгерді. 💡 Ізгілік пен тәрбиелілік – әр баланың бойында болуы тиіс асыл қасиеттер. Осындай сабақтар мейірімді, тәрбиелі
"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"
21
февраль
2025
"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты мектепішілік іс-шара мектебімізде жалғасын тауып жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық,әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.Оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ұлттық спорттық ойындар, соның ішінде: арқан тартыс,асық ойнау,тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды.   Ә
"Көңілді үзіліс"
21
февраль
2025
"Көңілді үзіліс"
Көңілді үзіліс-бақытты бүлдіршіндер!  Біздің 1 "Г" сынып оқушылары үзілісті қызықты әрі белсенді өткізуде! Қозғалыс-денсаулықтың кепілі,ал көтеріңкі көңіл-күй - оқу жетістігінің бастауы! Сынып жетекшісі: Дарханқызы Ж  
"Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу"
21
февраль
2025
"Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу"
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары Азимбаева Лилия Нармамбетовна, Жусупова Мариям Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап қайтты.  Кездесу барысында  ардагерлер өз өмір жолы, көрген қиындықтары мен жеткен жетістіктері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жас ұрпаққа өнегелі өсиеттерін айтып, патриоттық рух пен адамгершілік құндылықтарды насихаттады.  Еліміз әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені болсын! Сынып жетекшілері: Сакупова С, Тайманова Қ, Ақылбаева М