Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 7
"НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,БАЛАЛАР!"
04
апрель
2025
"НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,БАЛАЛАР!"
Мектеп инспекторы, полиция капитаны Искалиев Дәурен Қайратұлы мен инспектор Рустемова Ақнұр мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара аясында 1–4 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыптар: • «Назар аударыңыз, балалар!» • «Жолда жүру ережелерін сақтау» • «Самокаттарды дұрыс пайдалану және басқару кезінде жол ережесін қатаң сақтау» Мақсаты: кәмелетке толмаған балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жолда жүру
"Үздік музыка кабинеті"
01
апрель
2025
"Үздік музыка кабинеті"
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдерінің арасында "Үздік музыка кабинеті" атты байқауы Алматы қаласы Білім  басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Нәтижесінде "Үздік музыка кабинеті" атты қалалық байқауынан мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Шамшаева Патима Жакиппаровна 3-ші орынды иеленді. Құттықтаймыз! 
"СӘУІР АЙЫНЫҢ АПТА ДӘЙЕКСӨЗДЕРІ"
01
апрель
2025
"СӘУІР АЙЫНЫҢ АПТА ДӘЙЕКСӨЗДЕРІ"
 "Апта дәйексөздері" - бүкіл білім беру ұйымының оқу және оқудан тыс-іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде , Led-экранда, сынып тақталарында орналастырылған.  
"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ"
31
март
2025
"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында көктемгі демалыс  кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында,  "Демалыста кітап оқимыз"атты оқушылар арасында кітап оқуды ұйымдастырды. Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру,көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітап оқуға бастауыш және басқа сынып оқушылары қатысты. 
"Мектебіміздің мақтанышы"
23
март
2025
"Мектебіміздің мақтанышы"
Қабдош Арслан – ҚР чемпионатының күміс жүлдегері! 7-сынып оқушысы Қабдош Арслан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 49 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленді! Бұл – табандылық пен еңбектің жемісі! Арсланның алар асуы әлі алда! Жеңісің құтты болсын!  
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
20
март
2025
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. 22 наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
20
март
2025
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
Мәдениеттің бастауы-тазалықта. Мектебімізде әр бейсенбі-Тазалық күні.Оқушыларымыз мектепішілік тазалық жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты: Еңбекке баулу арқылы оқушыларды оқу кабинеттеріне тазалық жүргізіп, өздерінің отыратын орнын таза ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20
март
2025
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні” Ұлттық ойындар-әр халықтың мәдениетінің тарихының айнасы.Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздың ерліктері мен болмысын танытады.20 наурыз біздің мектепте ерекше күн өтті.Бұл күні “Ұлттық ойындар” күні ретінде аталып өткізілді.Оқушыларымыз еркін күреске белсене қатысып,ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосты. 
"Бұрымды қыз" челленджі
19
март
2025
"Бұрымды қыз" челленджі
  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын дәріптеу мақсатында Наурыз- «отаншылдық пен тәуелсіздік» айының 19-і күні  қыздарымыз «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Мақсаты: -Қазақ қызының ұлттық сипатын, қазақ қызына тән иба, инабаттылықты нәсихаттау; -Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.